Thursday, January 5, 2017

7 қаңтар мерекесі Google баршаңызды қысқы мейрамдармен құттықтайды!

7 қаңтар мерекесі  Google баршаңызды қысқы мейрамдармен құттықтайды!

7 қаңтар мерекесі  Google баршаңызды қысқы мейрамдармен құттықтайды!
7 қаңтар мерекесі  Google баршаңызды қысқы мейрамдармен құттықтайды!

7 қаңтар мерекесі


Google баршаңызды қысқы мейрамдармен құттықтайды!


АСТАНА. 7 қаңтар. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2013 жылғы  7 қаңтарға арналған күнтізбесін ұсынады. 7 қаңтар  ДҮЙСЕНБІ Христостың туған күні - Рождество мерекесі. ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР 21 жыл бұрын (1992) «Қазақстан Республикасындағы ғылым және мемлекеттік ғылыми-техникалық саясат туралы» Заң жарық көрді. 21 жыл бұрын (1992) Француз Республикасы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін мойындады. 14 жыл бұрын (1999) Астанада «Елорда» баспасы ашылды. 10 жыл бұрын (2003) Қазақстан Республикасының «Электрондық құжат және электрондық сандық қол қою туралы» Заңы жарық көрді. 7 жыл бұрын (2006) Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары «Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық заң күші бар Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының жобасын мақұлдады. Ол бойынша Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзіне жазылған Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әні әнұран болып бекітілді. 109 жыл бұрын (1904) Маркони компаниясы «SQD» көмекке шақыру радио дабылын орнатты. Екі жылдан кейін  мағынасы белгісіз сөзді SOS-қа алмастырды. 99 жыл бұрын (1914) Панама арнасы арқылы алғашқы кеме жүзіп өтті. Тынық мұхит пен Атлант мұхитын жалғап тұрған ұзындығы 81 шақырымдық бұл арна әлемдік транзитте ерекше орын алады. 21 жыл бұрын (1992) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қоймасына асыл металлдардың бiрiншi партиясы - «төрт тоғыздық» және 2 күмiстік сапасымен 5 алтын кесек қабылданды. Мемлекеттік құндылықтар қоймасының тарихы 1991 жылғы тамыздың 31-інде Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақ ССР алтын валюталы және алмас қордың жасау туралы» Жарлығынан бастау алады. ЕСІМДЕР 110 жыл бұрын (1903-1971) техника ғылымының докторы, профессор, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі ГРУЗИНОВ Владимир Константинович дүниеге келді. Ресейде туған. Сібір технология институтын бітірген. 1946-1962 жылдары - Орал политехникалық институтының доценті, профессоры, кафедра меңгерушісі. 1963-1965 жылдары - Орталық қара металлургия ғылыми-зерттеу институтының Қазақ филиалы директорының орынбасары. 1965-1966 жылдары - Қарағанды политехникалық институтының кафедра меңгерушісі. 1966-1971 жылдары Қазақ КСР Ғылым академиясының Химия-металлургия институты директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары болған. Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері металлургияда өндіріс үдерістерін механикаландыру және автоматтандыру мәселелеріне арналған. Ол домна цехтарын механикалық жабдықтау жөніндегі конструкциялық зерттеулерін тұжырымдаған. Шихтаны домна пешіне арнаулы бағдарлама бойынша тиеу арқылы шойын балқыту үдерісін автоматты түрде басқару теориясын ұсынған. Қазақстанда қара металлургия өнеркәсібінің шикізат қорын ұлғайту жөнінде зерттеулер жүргізген. 10 авторлық куәлігі бар. «Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен марапатталған.  94 жыл бұрын (1919-1945) Кеңес Одағының Батыры МИХЕЕВ Григорий Яковлевич дүниеге келді. Петропавл қаласында туған. Краснодар қаласындағы (Ресей) әскери авиациялық училищені бітірген. 1941 жылы ұшқыш-штурман Михеев Мәскеу маңының аспанын қорғаған. 1942 жылдан 1-ші Әуе армиясының құрамында болып, 114 әуе сапарын орындаған. Петропавл қаласындағы бір көше Михеев есімімен аталады. «Ленин», «Қызыл Жұлдыз», 1-2-ші дәрежелі «Отан соғысы», «Қызыл Ту» ордендерімен және медальдармен марапатталған. 74 жыл бұрын (1939-2000) химия ғылымының кандидаты, профессор, Қазақстан Республикасы Инженерлік академиясының корреспондент мүшесі, Халықаралық шығармашылық академиясының академигі ШАЯХМЕТОВ Шайсұлтан  дүниеге келді. Қостанай облысында туған. М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін, КСРО Ғылым академиясы элементтік-органикалық қосылыстар институтының аспирантурасын бітірген. 1987-1993 жылдары - Қазақ КСР Жоғары және орта арнайы білім министрі, Қазақстан Республикасы Халыққа білім беру министрі. 1997-1998 жылдары - Қостанай облысы әкімінің орынбасары, Л.Гумилев атындағы Еуразия университетінің профессоры, мемлекеттік және басқа да тілдерді оқыту орталығының директоры. 1998-2000 жылдары Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі жанындағы республикалық орталықтың директоры, «Мемлекеттік тіл» қоғамдық қорының президенті қызметтерін атқарған. Республикалық самбо және қазақша күрес бойынша федерациясының президенті болып сайланған.

Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз http://www.inform.kz/kz/7-kantar-kazakparat-kuntizbesi-atauly-kunder-okigalar-esimder_a2524204

No comments:

Post a Comment