Tuesday, December 6, 2016

Жарық жылдамдығы,Жарық жылдамдығын тұңғыш рет 340 жыл бұрын өлшеді

Жарық жылдамдығы,Жарық жылдамдығын тұңғыш рет 340 жыл бұрын өлшеді

Жарық жылдамдығы,Жарық жылдамдығын тұңғыш рет 340 жыл бұрын өлшеді
Жарық жылдамдығы,Жарық жылдамдығын тұңғыш рет 340 жыл бұрын өлшеді

Жарық жылдамдығы,Жарық жылдамдығын тұңғыш рет 340 жыл бұрын өлшеді




Жарық жылдамдығы
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Жарық жылдамдығы, с — кез келген электрмагниттік толқынның (оның ішінде жарықтың да) бос кеңістіктегі (вакуумдағы) таралу жылдамдығы; іргелі физика тұрақтылардың бірі. Ол кез келген физика әсердің шектік таралу жылдамдығы әрі бір санақ жүйесінен екінші санақ жүйесіне көшкенде [инвариант|инвариантты болады. Жарық жылдамдығының шамасы материалдық дененің массасы мен толық энергиясын байланыстырып тұрады. Санақ жүйесі өзгерген кезде координатты, жылдамдықты және уақытты түрлендіру Жарық жылдамдығы арқылы өрнектеледі және ол көптеген қатыстардың құрамына енеді. Белгілі бір ортадағы Жарық жылдамдығы (с) сәуленің түрліше жиіліктері () үшін түрліше мән қабылдайтын ортаның сыну көрсеткішіне (n) тәуелді болады: с()=c/n(). Бұл тәуелділік белгілі бір ортадағы монохромат емес жарықтың топтық жылдамдығы сол жарықтың фазалық жылдамдығынан өзгеше болуына әкеледі (вакуумдағы Жарық жылдамдығы үшін бұл екі жылдамдықтың шамасы бірдей). Тәжірибеде белгілі бір ортадағы Жарық жылдамдығын (с) анықтаған кезде әрдайым (арнаулы кейбір жағдайда болмаса) топтық жылдамдықты (немесе сигнал жылдамдығы не энергия жеткізу жылдамдығы деп аталатын) өлшейді. Жарық жылдамдығын тұңғыш рет 1676 жылы, Юпитер серіктерінің тұтылулары арасындағы уақыт аралығының өзгеруі бойынша дат астрономы О.К. Ремер өлшеді (бақылау нәтижесінде с=215000 км/с болды). Оны 1728 жылы жұлдыздардың жарық аберрациясын бақылау кезінде ағылшын астрономы Дж.Брадлей растады. Кейін Жарық жылдамдығы жер жағдайында да тәжірибе жасалып өлшене бастады (мыс., француз физигі А.И.Л. Физо 1849 жылы с= =313300 км/с, француз физигі Ж.Б.Л. Фуко 1862 жылы с=298000500 км/с, американ физигі А.Майкельсон 1926 жылы с=2997964 км/с екендігін анықтады). Жарық көзі ретінде лазерлерді пайдаланып жүргізілген өлшеулер нәтижесінде Жарық жылдамдығын өлшеу дәлдігі жоғары көтерілді: с=299792,50,15 км/с. Қазіргі кезде Жарық жылдамдығының вакуумдағы мәні үшін ресми түрде с=2997924581,2 м/с мәні қабылданған. 

Жарық – қуаттың бір түрі. Осының арқасында тірі жаратылыстардың барлығы, оның ішінде адам баласы да айналасындағы әлемді көре алады. Жарықтың өзі көзге көрінбейді,алайда өзі басқа заттардың барлығына көруіне себепші болады. Ол түзу сызық бойымен қозғалады, жолында мөлдір емес зат кездессе, сол заттың көлеңкесі пайда болады. Көлеңке дегеніміз- жарық көзіне қарама-қарсы жақта пайда болатын қараңғы аймақ.

тар мағынада – көрінетін сәуле, яғни жиілігі 7,5 •1014 – 4,0 • 1014Гц аралығындағы адам көзі қабылдайтын электрмагниттік толқын;
кең мағынасында — қабылданатын сәулемен бірге спектрдің ультракүлгін және инфрақызыл аймағындағы сәулелерді де қамтитын оптикалық сәуленің синонимі.

Жарық дифракциясы – жарық толқындарының мөлшері сол толқындардың ұзындығымен қарайлас тосқауылды (тар саңылау, жіңішке сым, т.б.) орап өту құбылысы. Жарық дифракциясы болу үшін жарық түскен дененің айқын шекарасы болуы тиіс. Дифракция жарыққа ғана тән емес, басқа да толқындық процестерде де байқалады (мысалы, механикалық толқындардың жолында кездескен тосқауылды орап өтуі, т.б.). Жарық дифракциясы кезінде жарықтың түзу сызық бойымен таралу заңы, яғни геометриялық оптиканың негізгі заңдары бұзылады. Жарық толқындарының ұзындығы өте қысқа болғандықтан, қалыпты жағдайда жарық дифракциясы байқалмайды. Жарық дифракциясы – жарықтың толқындық қасиетін дәлелдейтін негізгі құбылыстардың бірі. Бұл құбылысты 17-ғасырда италиялық физик және астроном Франческо Гримальди ашты, ал оны француз физигі Огюстен Жан Френель түсіндірді.

'Жарық жылдамдығы, с' – кез келген электрмагниттік толқындардың (оның ішінде жарықтың да) бос кеңістіктегі (вакуумдағы) таралу жылдамдығы; іргелі физикалық тұрақтылардың бірі. Жарық жылдамдығының шамасы материалдық дененің массасы мен толық энергиясын байланыстырып тұрады. Санақ жүйесі өзгерген кезде координатты, жылдамдықты және уақытты түрлендіру жарық жылдамдығы арқылы өрнектеледі. Жарық жылдамдығын алғаш рет 1676 ж. Юпитер серіктерінің тұтылулары арасындағы уақыт аралығының өзгеруі бойынша дат астрономы Оле Ремер өлшеді (бақылау нәтижесінде с=215000 км/с болды). Жарық көзі ретінде лазерлерді пайдаланып жүргізген өлшеулер нәтижесінде жарық жылдамдығын өлшеу дәлдігі жоғары көтерілді: с=299792,5•0,15 км/с. Қазіргі кезде жарық жылдамдығының вакуумдағы мәні үшін ресми түрде с=299792,458•1,2 м/с қабылданған.

No comments:

Post a Comment